HP Laptop Help Guide

Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана
таңдаулы үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушы есептік жазбасы мен Windows құпия
сөзін орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп,
жүйеге кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде веб-
сайттар мен басқа да бағдарламалардың құпия
сөзін енгізу үшін пайдалануға болады.
Нұсқауларды HP ProtectTools бағдарламалық құралының Help (Анықтамасынан) қараңыз.
Саусақ ізін оқу идентификациялық жазбасы тіркелгеннен кейін, пайдаланушы аты мен құпия
сөзін енгізуді талап ететін кез келген қолданбаға кіру деректерін жасау кезінде саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалануға мүмкіндік беретін бір рет тіркелу қызметін орнатуға болады.
Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан
жері туралы ақпаратты
«Компьютермен танысу» бөлімінен қараңыз.
64 Бап 7 Қауіпсіздік