HP Laptop Help Guide
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да зиянды қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Олар амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе қызметтік
бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне əкеліп соқтырады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен
қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Microsoft Security Essentials® сияқты вирусқа қарсы бағдарламалық құрал компьютерде алдын
ала орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құрал фондық режимде тиімді түрде жұмыс
істейтіндіктен, оны
жаңарту жөнінде ескертулер мен хабарламаларға көңіл бөлу қажет емес.
Жаңа қауіп-қатерлер анықталған кезде, вирусқа қарсы бағдарламалық құрал автоматты түрде
жаңартылады. Ерекше əрекет жасау қажет болса, ескерту хабарламасы түседі.
Компьютер вирустары туралы толық ақпарат алу үшін, «Справка и поддержка» (Анықтама жəне
қолдау) орталығының «Поиск» (Іздеу) жолағына вирустар сөзін теріңіз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар
— DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан
бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені уақытша шешу үшін, желіаралық
қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды
қайта қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану 65