HP Laptop Help Guide
Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан
жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың
орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз:
●
Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update бағдарламасын іске
қосыңыз.
●
Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
●
Windows жəне басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде
Microsoft веб-торабы, сондай-
ақ анықтама жəне қолдау орталығындағы жаңартулар
сілтемесі арқылы алыңыз.
HP ProtectTools Security Manager пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын
ала орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға
болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге
рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP ProtectTools бағдарламалық құралының
Help (Анықтамасынан) қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі құрылғының орналасқан жері туралы ақпаратты Алғышқы
жұмыс нұсқаулығынан қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз.
2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын
құлыптаңыз.
66 Бап 7 Қауіпсіздік