HP Laptop Help Guide

BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесін жаңартудың түрлі тəсілдері келесі бөлімдерде сипатталады.
BIOS жүйесін жаңарту үшін SoftPaq файлдарын жүктеу
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
НР веб-торабынан BIOS жаңартуларын орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. НР веб-торабынан SoftPaq файлдарын жүктеп алыңыз.
2. BIOS жүйесін жаңарту үшін Выполнить (Орындау) түймешігін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды
жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
Жүктелетін USB флэш-картасын SoftPaq файлы арқылы жасау
1. НР веб-торабынан SoftPaq файлдарын жүктеп алыңыз.
2. Выполнить (Орындау) түймешігін басып, Create Bootable USB key (Жүктелетін USB
кодын жасау) пəрменін таңдаңыз.
3. Пішімдеу үшін USB флэш-картасын салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз.
5. eROMpaq бағдарламасы басталады. Update (Жаңарту) түймешігін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Жүйе диагностикасы арқылы BIOS жүйесін басқару
1. НР веб-торабынан SoftPaq файлдарын жүктеп алыңыз.
ЕСКЕРІМ: UEFI жүйе диагностикасы компьютерде (немесе USB флэш-картасында)
орнатылғанын тексеріңіз.
2. Run (Орындау) түймешігін басып, Update/USB (Жаңарту/USB) жүктелетін тілқатысу
терезесінде Cancel (Болдырмау) пəрменін таңдаңыз.
3.
c:\swsetup мекенжайында орналасқан SoftPaq нөміріңізге сай қалтаны табыңыз.
4. ROMpaq қалтасында .bin файлын (мысалы, 68CDD.bin) іздеңіз, одан кейін оны қатты
дискінің немесе USB флэш-картасының HP_Tools бөліміндегі Hewlett-Packard\BIOS\New\
қалтасына көшіріңіз.
5. ROM.cab файлында .sig файлын тауып, оның атауына .bin файлының префиксін қосыңыз
(мысалы, 68CDD.sig). Атауы өзгертілген файлды қатты дискінің немесе USB флэш-
картасының HP_Tools бөліміндегі Hewlett-Packard\BIOS\New\ қалтасына көшіріңіз.
6. Компьютерді қайта қосыңыз да, экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабарламасы экранда
бейнеленгенде esc пернесін басыңыз.
76 Бап 9 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics