Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP t610 Series икемді жұқа клиенттері
© Copyright 2010 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Бұл құжаттағы мəліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Microsoft жəне Windows – АҚШ-тағы Microsoft корпорациясының жəне басқа елдердегі сауда белгілері. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Осы кітап туралы АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың жабдық зақымына немесе мəліметтер жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Осылай жіберілген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ............................................................................................................. 1 Стандартты мүмкіндіктер ....................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері ...................................................................................... 1 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ......................................................................................
Қосымша б Жұқа клиентті орнату ......................................................................................... 30 HP Quick Release ................................................................................................................... 30 Қолдау көрсетілетін орнату параметрлері ............................................................................ 32 Қосымша в Жұқа клиент жұмысы .........................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты мүмкіндіктер HP жұқа клиентін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Біздің HP t610 Series икемді жұқа клиенттері ұзақ пайдаланасыз деген үміттеміз. Біздің мақсатымыз − күтілетін қуат пен сенімділікпен қолдану мен басқару оңай жүлделі клиенттерді ұсыну. Келесі бөлімде жұқа клиенттердің мүмкіндіктері сипатталады. Белгілі бір модельде орнатылған жабдық пен бағдарламаның толық тізімін қарау үшін http://h10010.www1.hp.com/wwpc/us/en/ sm/WF04a/12454-12454-321959-338927-89307.
(2) Жарқыл əрекетінің жарығы (3) Кіріс (микрофон) қосқышы (5) USB ұялары (2) Қосымша ақпарат алу үшін http://h18004.www1.hp.com/products/quickspecs/QuickSpecs_Archives/ QuickSpecs_Archives.html торабында белгілі бір модельдің QuickSpecs қараңыз. Артқы тақта құрамдас бөлшектері Қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com жəне белгілі бір модельдің QuickSpecs табу үшін белгілі бір жұқа клиент моделін іздеңіз.
Cурет 1-3 HP t610 PLUS жұқа клиенті артқы тақта құрамдас бөлшектері (1) DVI-D жəне VGA шығысына арналған DVI-I қосқышы (7) PS/2 қосқыштары (2) (2) DisplayPort қосқышы (8) Қуат сымын ұстау ұясы (3) Ethernet RJ-45 қосқышы (9) Кабель бекітпесінің ұясы (4) USB ұялары (2) 2.0 (10) Параллельді енгізу-шығару порты (5) USB ұялары (2) 3.
3. Əрбір табанды жұқа клиенттің оң жағындағы бұрышқа қатты басыңыз. Cурет 1-4 Резеңке табанын орнату Тұғырды орнату Егер жұқа клиент тік бағытта орнатылып бекітілмейтін болса, тұрақты болуы үшін тұғыр орнату қажет. Тұғырды орнату: 1. Құралды төңкеріңіз. 2. Тұғырдағы қойындылар орнатылатын құралдың төменгі жағындағы саңылауларды табыңыз. 3. Қойындыларды саңылауларға кірістіріңіз жəне орнына түскенше тұғырды құралдың алдына қарай шамамен 1,26 см (1/2 дюйм) сырғытыңыз.
Тұғырды шешу Тұғырды шешу: 1. Құралды төңкеріңіз. 2. Қойындыны (1) басыңыз жəне тұғырды құралдың артына қарай шамамен 1,26 см (1/2 дюйм) сырғытып, тұғырды құралдан көтеріп шығарыңыз (2). Cурет 1-6 Тұғырды шешу Қуат сымын ұстау ұясын пайдалану Кездейсоқ ажыратылуын болдырмау үшін қуат сымының тұйығын қуат сымын ұстау ұясына қарай басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Cурет 1-8 Пернетақта мүмкіндіктері (1) Caps Lock пернесі Caps Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (2) Scroll Lock пернесі Scroll Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (3) Num Lock пернесі Num Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (4) Ctrl пернесі Басқа пернемен бір тіркесімде пайдаланыңыз; функциясы пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамаға байланысты. (5) Windows ені пернесі1 Microsoft Windows жүйесінде Бастау мəзірін ашады.
Windows ені пернесі + Tab Ашық элементтер арасында ауысу. Windows ені пернесі + e Менің компьютерім белгішесін ашу. Windows ені пернесі + f Файл немесе қалта іздеу. Windows ені пернесі + Ctrl + f Компьютерлерді іздеу. Windows ені пернесі + m Барлық терезелерді қайыру. Windows ені пернесі + Shift + m Бəрін қайыруды болдырмау. Windows ені пернесі + Break Жүйе сипаттары тілқатысу терезесін көрсету. Windows ені пернесі + r Іске қосу тілқатысу терезесін ашу.
Сериялық нөмір орны Əрбір жұқа клиентте төмендегі суретте көрсетілгендей жерде орналасқан бірегей сериялық нөмірі болады. HP тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
2 Жабдық өзгерістері Жалпы жабдықты орнату тізбегі Жұқа клиент жабдығының құрамдас бөлшектерін дұрыс орнатуды қамтамасыз ету: 1. Егер қажет болса, деректерді сақтық көшірмелеңіз. 2. Егер жұқа клиент қосылған болса: а. Құралды жəне басқа тіркелген құрылғыларды өшіріңіз. ə. Қуат сымын қабырға розеткасынан ажыратыңыз. б. Кабель бекітпесі сияқты сыртқы құрылғыларды немесе кабельдерді ажыратыңыз.
7. Бүйірлік қатынас тақтасын жəне метал бүйірлік қақпақты орнына салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Бүйірлік қатынас тақтасын жəне метал бүйірлік қақпақты шешу жəне орнына салу 10-бетте бөлімін қараңыз. 8. Егер тік бағытта орнатылмаған жұқа клиентті пайдаланатын болсаңыз, тұғырды орнатыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Тұғырды орнату 4-бетте бөлімін қараңыз. 9. Сыртқы құрылғыларды жəне қуат сымдарын қайта қосыңыз. 10. Мониторды, жұқа клиентті жəне тексерілетін құрылғыларды қосыңыз. 11.
3. 4. Жұқа клиентті бір жағымен қауіпсіз жұмыс бетіне орналастырыңыз. ● SODIMM шешу немесе орнату үшін оң жақ қатынас тақтасын шешіңіз. ● Сол жақ қатынас тақтасын мына əрекеттер үшін шешу: ◦ Батареяны шығару немесе орнына салу ◦ Флэш жад модулін орнату немесе шығару ◦ Ішкі қатты дискіні орнату немесе шығару ◦ PCI Express картасын орнату немесе шығару Қатынас тақтасын құралдың астына қарай шамамен 6,35 мм (1/4 дюйм) сырғытып, қатынас тақтасын корпусынан көтеріп шығарыңыз.
2. Метал бүйірлік қақпақтың алдыңғы шетін көтеріп (2), қақпақты алдына тартыңыз жəне оны корпусынан көтеріп шығарыңыз (3). Cурет 2-3 Метал бүйірлік қақпақты шешу Сол жақ метал бүйірлік қақпақты орнына салу 1. Метал бүйірлік қақпақты алдымен артқы шетін корпусқа орналастырыңыз, сондай-ақ, артқы шетіндегі екі қойынды корпустағы ойықтарға кірістірілу керек (1). 2. Қақпақтың екі жағындағы қойындыларды туралап, ілмек жабылғанша алдыңғы шетін қатты басыңыз.
2. Орнына түскенше тақтаны құралдың астына қарай сырғытыңыз (2). Cурет 2-5 Бүйірлік қатынас тақтасын орнына салу 3. Корпусты төңкеріңіз. Астыңғы қақпақтың төменгі жағындағы ілмектерді корпус саңылауларымен туралап, орнына түскенше қақпақты төмен немесе алға қарай басыңыз. Cурет 2-6 Астыңғы қақпақты орнына салу 4. Егер жұқа клиентті мұнара бағытында пайдаланатын болсаңыз, тұғырды орнына салыңыз.
2. Батареяны шығару үшін батарея бүйірінде созылған метал қысқышты тартып, батареяны көтеріп шығарыңыз (1). Cурет 2-7 Ішкі батареяны шығару жəне орнына салу 3. Қосалқы батареяны салу үшін оны оң зарядтағы жағын корпус қабырғасына қаратып орналастырыңыз. Қысқыш батарея шетінің үстіне кигізілгенше батареяны саңылауға төмен сырғытыңыз (2). HP компаниясы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару картридждерін жəне қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады.
● PCI-Express картасын орнату 23-бетте ● Сыртқы дискіенгізгілерді орнату 25-бетте SODIMM модулін орнату Бұл компьютер қос дерек беру жылдамдықты 3 синхронды динамикалық жедел жадтайтын құрылғы (DDR3-SDRAM) кішкене құрылымды екі жақты жад модульдерімен (SODIMM) бірге беріледі. Жүйе тақтасындағы жад ұяларына салалық стандартты екі SODIMM модуліне дейін қосуға болады. Бұл жад ұяларына кемінде алдын ала орнатылған бір SODIMM модулі қосылған.
ЕСКЕРТУ: Жад модульдерін қоспас немесе ажыратпас бұрын, қуат сымын ажыратып, 30 секундтай қуаттың шығуын күту керек болады. Қосылу күйіне қарамастан, жүйе істеп тұрған айнымалы ток розеткасына жалғаулы болса, кернеу үнемі жад модульдеріне беріледі. Кернеу бар болғанда жад модульдерін қосса немесе ажыратса, жад модульдеріне немесе жүйелік тақтаға жөнделмейтін зақым келуі мүмкін. Жад модулінің ұяларының алтын жалатылған темір түйіспелері бар.
4. SODIMM модулін шамамен 20-дəрежелік бұрышта ұстап, кигізілгенше SODIMM модулін ұяға (1) қарай басыңыз. Ұстау қысқыштары орнына түскенше SODIMM сол жақ пен оң жақ шеттеріне сəл ғана күштеп басыңыз. ЕСКЕРІМ: SODIMM модулін бір жолмен ғана орнатуға болады. SODIMM ойығын ұя қойындысымен сəйкестендіріңіз. Cурет 2-9 SODIMM модулін орнату 5. SODIMM модулін бөлімге (2) басыңыз. 6. Егер SODIMM модулін HP t610 жұқа клиенті ішіне орнатсаңыз, жылу төсемін SODIMM модуліне орналастырыңыз.
7. Қатынас тілігінің алдыңғы шетіндегі қойындыны саңылауына (1) кірістіріп, ілмекті (2) реттеу үшін тілікті сəл ғана төмен басыңыз. Cурет 2-11 SODIMM қатынас тілігін орнына салу 8. Сериялық нөмір қойындысын бастапқы күйіне сырғытыңыз. Флэш жад модулін орнату Орнату үрдісін бастау алдында жабдық орнату немесе ауыстыру алдында жəне кейін орындалуы қажет іс рəсімдерін Жалпы жабдықты орнату тізбегі 9-бетте ішінде қарап шығыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жүйе тақтасына қатынасу үшін сол жақ бүйірлік тақтаны шешу керек.
2. Жүйе тақтасындағы дұрыс флэш жад модулінің ұясын табыңыз. а. PATA ұясы (1) əдепкіде қосылады. ə. SATA ұясын (2) қосымша SATA флэш жад модулімен қосуға болады. Cурет 2-12 Флэш жад модулінің ұяларын анықтау 3. Флэш жад модуліндегі қосқышты жүйе тақтасындағы ұямен туралап, флэш жад модулін ұяға қарай басыңыз. ЕСКЕРІМ: Флэш жад модулін бір жолмен ғана орнатуға болады. Флэш жад модуліндегі ойықты үйе тақтасындағы ұстау тіреуішімен туралаңыз.
4. Модуль қосқыштарын флэш жад модулінің ұясына (1) қарай қатты басыңыз, сондай-ақ, жүйе тақтасындағы ұстау тіреуіші модуль ойығымен туралану керек. Cурет 2-14 Флэш жад модулін бекіту 5. Флэш жад модулінің параметр жинағында берілген бұранданы модуль ойығымен өткізіп ұстау тіреуішіне (2) кірістіріп, модульді бекіту үшін оны қатайтыңыз.
2. Дискі кронштейні ілмегін (1) көтеріп, дискі кронштейнін ұстау кронштейнінен сырғытып шығарыңыз (2). Cурет 2-15 Қатты дискі кронштейнін ұстау жиынтығынан шешу 3. Қатты дискіні дискі кронштейніне (1) бекітетін төрт бұранданы шешіп, қатты дискіні кронштейннен шешіңіз (2). Cурет 2-16 Қатты дискіні кронштейннен шешу ЕСКЕРІМ: Басқа қатты дискіні орнату үшін пайдаланылатын төрт бұранданы сақтап қойыңыз. Ішкі қатты дискіні орнату Ішкі қатты дискіні орнату: 1.
2. Қатты дискіні дискі кронштейніне (1) кірістіріп, жинақта берілген төрт бұранданы қатайтып оны бекітіңіз (2). Cурет 2-17 Қатты дискіні кронштейнге кірістіру 3. Жүйе тақтасындағы ішкі қатты дискі қосқышын (1) жəне ұстау кронштейнін (2) табыңыз.
4. Кронштейннің бір жағындағы бұрандаларды ұстау кронштейні ішіндегі саңылаулармен туралап, кронштейнді ұстау кронштейніне сырғытыңыз (1). Cурет 2-19 Қатты дискіні кронштейнге бекіту 5. Дискіні ішкі қатты дискі қосқышына басу үшін дискі кронштейнінің ілмегін қатты төмен басып, дискі жиынтығын бекітіңіз (2). 6. Егер қажет болса, PCIe картасын қайта орнатыңыз. Нұсқауларды PCI-Express картасын орнату 23-бетте ішінде қараңыз.
PCIe картасын орнату: 1. Пластик бос қойындыны басып, оны корпусынан тартып шығарыңыз. Cурет 2-20 Бос кеңейтім саңылауын шешу 2. Жұқа клиент ішіндегі кеңейтім саңылауы қақпағын бекітетін метал ілмекті ашып (1), кеңейтім саңылауы қақпағын шешіңіз (2). Cурет 2-21 Кеңейтім саңылауы қақпағын шешу ЕСКЕРТУ: Кеңейтім саңылауы қақпағын жоғалтып алмаңыз.
3. PCIe картасын PCI кеңейтім картасының ұясымен жəне кеңейтім саңылауымен туралаңыз. PCIe картасының дұрыс кигізіліп, қосқыштың кеңейтім саңылауына дұрыс бекітілуі үшін PCIe картасын ұяға қарай қатты басыңыз. Cурет 2-22 PCIe картасын орнату 4. PCIe картасын бекіту үшін метал ілмегін жабыңыз (2). Сыртқы дискіенгізгілерді орнату Түрлі сыртқы USB дискіенгізгілері t610 Series жұқа клиенттері үшін параметрлер ретінде қол жетімді. Бұл дискіенгізгілер туралы қосымша ақпарат алу үшін http://h10010.www1.hp.
а Техникалық сипаттамалар Кесте а-1 HP t610 жұқа клиенті Өлшемдер 220 мм 8,66 дюйм 240 мм 9,45 дюйм 40 мм 1,57 дюйм 1,53 кг 3,37 фунт Жұмыс істегенде** 10° - 40° C 50° - 104° F (ең жоғарғы ауысу ауқымы – сағатына 10° C немесе сағатына 18° F) -30° - 60° C -22° - 140° F Қалыңдығы (алдынан артына дейінгі) Биіктігі (жоғарыдан төменге дейінгі, тұғырсыз) Ені (бір жағынан екінші жағына дейін) Шамаланған салмағы Температура ауқымы (желдеткішсіз жасақтамасы)* Жұмыс істемегенде (ең жоғарғы ауысу ауқым
Кесте а-1 HP t610 жұқа клиенті (жалғасы) Қуат көзі 100–240 В айнымалы ток 100–240 В айнымалы ток 50–60 Гц 50–60 Гц Қуат шығысы (ең көп) 65 Вт 65 Вт Негізгі шығыс тогы (ең көп) 3,33 A 3,33 A Шығыс кернеуі +19,5 В тұрақты ток +19,5 В тұрақты ток 220 мм 8,66 дюйм 240 мм 9,45 дюйм 65 мм 2,56 дюйм 1,53 кг 3,37 фунт Жұмыс істегенде** 10° - 40° C 50° - 104° F (ең жоғарғы ауысу ауқымы – сағатына 10° C немесе сағатына 18° F) -30° - 60° C -22° - 140° F Жұмыс кіріс кернеуінің ауқымы Негізгі
Кесте а-2 HP t610 PLUS жұқа клиенті (жалғасы) Ең жоғарғы биіктігі (қысымда емес) Жұмыс істегенде 3 048 м 10 000 ф (ең жоғарғы рұқсат етілген өзгерту ауқымы – минутына 457 м немесе минутына 1500 ф) 9 144 м 30 000 ф 100–240 В айнымалы ток 100–240 В айнымалы ток 50–60 Гц 50–60 Гц Қуат шығысы (ең көп) 85 Вт 85 Вт Негізгі шығыс тогы (ең көп) 4, 35 A 4,35 A Шығыс кернеуі +19,5 В тұрақты ток +19,5 В тұрақты ток Жұмыс істемегенде (ең жоғарғы рұқсат етілген өзгерту жылдамдығы – минутына 457 м немес
ə Қауіпсіздік талаптары Жұқа клиентті бекіту HP t610 Series икемді жұқа клиенттері сақтандыру кабель бекітпесін қабылдауға арналған. Бұл кабель бекітпесі жұқа клиентті рұқсатсыз шешуді, əрі құлыптауды болдырмайды. Бұл параметрге тапсырыс беру үшін http://h30094.www3.hp.com/product.asp? sku=2563044&pagemode=ca мекенжайындағы HP веб-торабына кіріңіз. 1. Артқы тақтадағы кабель бекітпесі саңылауын табыңыз. 2. Кабель бекітпесін саңылауға кірістіріп, оны құлыптау үшін кілтті пайдаланыңыз.
б Жұқа клиентті орнату HP Quick Release HP t610 Series икемді жұқа клиенттері құралдың бір жағындағы төрт бекіту нүктелерін біріктіреді. Осы орнату тесіктері VESA (Бейне электронды құрылғыларының стандарттарының бірлестігі) стандартына сай, ол жалпақ панельді мониторлар, жалпақ дисплейлер жəне жалпақ теледидарлар сияқты жалпақ дисплейлерді (FDs) өнеркəсіптік стандартқа сай орнатуға мүмкіндік береді.
VESA теңшеліміндегі жұқа клиентпен бірге HP Quick Release пайдалану: 1. Орнату құрылғысының жинағына қосылған төрт 15 мм бұранданы пайдаланыңыз, HP Quick Release бір жағын төмендегі суретте көрсетілгендей жұқа клиентке тіркеңіз. Cурет б-2 HP Quick Release жұқа клиентке қосу 2. Орнату құрылғысының жинағына қосылған төрт бұранданы пайдаланыңыз, HP Quick Release бір жағын жұқа клиент орнатылатын құрылғыға тіркеңіз. Тетік нүктелерін жоғары қарай босату керек.
3. Жұқа клиентке тіркелген орнату құрылғысының бір жағын (1) жұқа клиент орнатылатын құрылғыда (2) орнату құрылғысының екінші жағының үстімен сырғытыңыз. «Шерту» дыбысы қауіпсіз қосылымды білдіреді. Cурет б-4 Жұқа клиентті қосу ЕСКЕРІМ: Тіркелген кезде HP Quick Release автоматты түрде күйіне құлыпталады. Жұқа клиентті шешу үшін тетікті бір жағына сырғыту ғана қажет.
Cурет б-6 Қабырғаға орнатылған жұқа клиент ● Жұқа клиентті үстелдің астына жан-жағында кемінде бір дюйм (2,54 см) бос орын қалдырып орнатуға болады.
в Жұқа клиент жұмысы Қалыпты жұқа клиент күтімі Жұқа клиентке дұрыс күтім жасау үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз: ● Сыртқы тақтасы шешілген жұқа клиентті мүлдем пайдаланбаңыз. ● Жұқа клиентті өте ылғалды, күннің көзі тікелей түсетін жəне өте ыстық пен салқын жерден аулақ ұстаңыз. Жұқа клиент үшін кеңес етілген температура жəне ылғалдылық ауқымдары туралы ақпаратты Техникалық сипаттамалар 26-бетте бөлімінде қараңыз. ● Жұқа клиенттен жəне пернетақтадан сұйықтықтарды алшақ ұстаңыз.
Cурет в-2 Көлденең бағыт ● Жұқа клиентті монитор тұғырының астына жан-жағында кемінде бір дюйм (2,54 см) бос орын қалдырып қоюға болады. Cурет в-3 Монитор тұғырының астында Қолдау көрсетілмейтін бағыт HP компаниясы жұқа клиент үшін төмендегі бағытты қолдамайды. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттерді қолдау көрсетілмейтін орынға қою нəтижесінде жұмыс ақаулығы орын алуы жəне/немесе құрылғылардың зақымдануы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттер жұмыс температурасын сақтау үшін дұрыс желдетілуді талап етеді.
Cурет в-4 Жұқа клиенттерді тартпаларға немесе басқа нығыздалған қуыстарға орналастырмаңыз Cурет в-5 Мониторды жұқа клиент үстіне қоймаңыз 36 Қосымша в Жұқа клиент жұмысы
г Электр статикалық разряд Саусақ немесе басқа өткізгіш арқылы берілетін статикалық электр энергияның разряды жүйелік тақталарды немесе басқа статикалық электр энергияға сезімтал құрылғыларды зақымдауы мүмкін. Зақымның бұл түрі құрылғының қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электрстатикалық разрядты болдырмау үшін, төмендегі сақтық шараларды қадағалаңыз.
ғ Жеткізіп беру туралы ақпарат Жеткізуге дайындау Жұқа клиентті жеткізіп беруге дайындау барысында мына ұсыныстарды орындаңыз: 1. Жұқа клиентті жəне сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 2. Қуат сымын алдымен розеткадан, кейін жұқа клиенттен ажыратыңыз. 3. Жүйе құрамдас бөлшектерін жəне сыртқы құрылғыларды, кейін жұқа клиентті қуат көздерінен ажыратыңыз. 4.
Индекс А алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері HP t610 PLUS жұқа клиенті HP t610 жұқа клиенті 1 артқы тақта құрамдас бөлшектері 2 HP t610 PLUS жұқа клиенті HP t610 жұқа клиенті 2 1 3 Б батарея, орнына салу 13 биіктігінің техникалық сипаттары 26, 28 бүйірлік қақпақ орнына салу 12 шешу 11 бүйірлік қатынас тақтасы орнына салу 12 шешу 10 В веб-тораптар HP жабдығының драйверлері 10 QuickSpecs 2 USB дискіенгізгісінің параметрлері 25 жұқа клиент жабдығы мен бағдарламасы 1 жұқа клиент параметрлері 1 қотарулар 10 пар
орнату тізбегі 9 орнына салу SODIMM 15 батарея 13 бүйірлік қатынас тақтасы 12 метал бүйірлік қақпақ 12 Ө өлшемдер 26, 27 П параметрлер 14 қолдау көрсетілетін 9 орнату 9 пернетақта Windows ені пернесі 6 орналасу 6 функция пернелері 7 Р резеңке табан, орнату 3 С салмағы 26, 27 салыстырмалы ылғалдылықтың техникалық сипаттары 26, 27 сериялық нөмір орны 8 сериялы қосқыш орны 2 сыртқы дискіенгізгілер 25 Т табан, орнату 3 температураның техникалық сипаттары 26, 27 техникалық сипаттар HP t610 PLUS жұқа клиенті 27 H