HP 68,6 см/27 дюймдік иілген мониторлары Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. DTS патенттері үшін http://patents.dts.com торабын қараңыз. DTS Licensing Limited лицензиясы бойынша өндірілген. DTS, DTS-HD, Symbol және DTS немесе бірігіп DTS-HD және Symbol — DTS, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері. © DTS, Inc. Барлық құқықтар сақталған. HDMI, HDMI Logo және High-Definition Multimedia Interface – HDMI Licensing LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық монитор мүмкіндіктері, мониторды орнату және техникалық сипаттамалар туралы ақпаратпен бағдарламалық құрал мен техникалық сипаттамаларды пайдаланып қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді.
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ........................................................................................................................................ 1 2 Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар ......................................................... 2 Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат ................................................................................................ 2 Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары ...................................................
Бағдарламалық құралды пайдалану ............................................................................... 19 Бағдарламалық құралды жүктеу ..................................................................................... 19 Aвто ұйқы режимін қолдану ............................................................................................................. 20 Экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдалану ................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Монитордың ерекшеліктері: ● Ажыратымдылығы 1920 x 1080, 68,6 см (27 дюйм) диагональді дисплейдің көру аймағы ● Көрініс өрісін жақсартуға арналған кең қарау бұрышы технологиясымен иілген монитор ● Бір HDMI және бір MHL/HDMI бейне кірісі ● VGA (аналогтық) бейне кірісі ● DisplayPort-HDMI адаптері (таңдаулы үлгілерде) ● Жоғарғы деңгейлі дыбысты жеткізетін DTS дыбыс технологиясымен 4 ваттық біріктірілген үндеткіштер ● Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы ● Экрандық дисплей реттеулер
2 Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, осы мониторға сәйкес келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен пайдаланылатын тиісті қуат сымының жиыны туралы ақпарат бойынша ақпарат тасушы дискісінде берілген немесе құжаттама жинағындағы Өнім ескертулерін қараңыз.
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін: ● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
Мониторды тазалау 1. Мониторды өшіріңіз және құрылғының артынан қуат сымын ажыратыңыз. 2. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз. 3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы мүмкін.
3 Мониторды орнату Мониторды орнату үшін монитордың, компьютер жүйесінің және басқа да қосылған құрылғылардың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіп, төмендегі нұсқауларды орындаңыз. Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз ЕСКЕРТУ: Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін сұйық кристалдық панельдің бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына келмейді.
3. Дисплей тақтасының астын көтеріңіз (1) және тұғырды дисплей тақтасының артындағы ұяшыққа орнына түскенше енгізіңіз (2). Артқы және бүйір бөлшектері Құрамдас бөлшегі Функция 1 Мәзір түймесі крандық мәзірді ашу, одан мәзір тармағын таңдау немесе оны жабу үшін басыңыз. 2 Menu Plus түймесі Экрандық мәзір қосулы болса, басып экрандық мәзір арқылы алға өтіңіз де, реттеу деңгейлерін арттырыңыз.
Құрамдас бөлшегі Функция 4 Audio Plus түймесі Дыбыс деңгейін арттырады. 5 Audio Minus түймесі Дыбыс деңгейін төмендетеді. 6 Құлаққап ұяшығы Құлақаспаптарды мониторға қосады. 7 Тұрақты ток куатының қосқышы Тұрақты ток қуаты адаптерін мониторға қосады. 8 HDMI Негізгі құрылғыдан келетін HDMI кабелін мониторға жалғайды. 9 HDMI MHL Негізгі құрылғыдан келетін HDMI немесе MHL кабелін мониторға жалғайды. 10 VGA Негізгі құрылғыдан келетін VGA кабелін мониторға жалғайды.
● HDMI кабелінің бір ұшын монитордың артындағы HDMI қосқышына, екіншісін негізгі құрылғының HDMI портына жалғаңыз. ● MHL кабелінің бір ұшын монитордың артындағы HDMI MHL қосқышына, екіншісін смартфон немесе планшет сияқты MHL қолдауы бар негізгі құрылғының микро USB қосқышына жалғаңыз, сонда тасымалды құрылғының мазмұнын монитор экранынан көруге болады. ЕСКЕРТПЕ: арналған.
3. Дыбыс кабелін монитордың артқы жағындағы Audio-in ұясына, ал екінші ұшын негізгі құрылғының Audio-out ұясына жалғаңыз. 4. Қуат сымының бір жағын қуат көзіне (1), ал екінші жағын жерге тұйықталған электр розеткасына (2) жалғап, қуат беру сымының дөңгелек ұшын мониторға қосыңыз (3). АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Алдыңғы панельдің басқару элементтері Басқару элементі Функция 1 Динамиктер Жоғарғы деңгейлі аудиодыбысты беріңіз. 2 Қосудың жарық диодты шамы Жүйе қосулы = ақ Жүйе өшірулі = сөнген Ұйқы режимі = сары Ұйқы таймер режимі = жыпылықтаған сары 3 10 Қуат 3-тарау Мониторды орнату Мониторды қосады немесе өшіреді.
Еңкейтуді реттеу Монитор тақтасын көз деңгейіне ыңғайлы етіп орнату үшін, оны алға немесе артқа еңкейтіңіз. Мониторды орнату (таңдаулы үлгілерде) VESA орнату кронштейні таңдаулы үлгілерде ғана бар. Орнату кронштейнін мониторды стандартты VESA 100 мм x 100 мм орнату үлгісімен стандартты орнату жүйесіне тіркеу үшін пайдалануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылығы UL немесе CSA тізімдеген қабырғаға бекіту кронштейн арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Дисплей тақтасының астын көтеріңіз (1), босату ысырмасын басыңыз (2) және тұғырды дисплей тақтасының ұясынан сырғытып шығарыңыз (3). VESA орнату кронштейнін тіркеу (таңдаулы үлгілерде) 12 1. Монитор тұғырын шешіңіз. Монитор тұғырын алу (11-бет) бөлімін қараңыз. 2. VESA орнату кронштейнін тіркемес бұрын, қажетті кабельдерді монитордың артына жалғаңыз. Мониторды орнатқаннан кейін кабельдердің басқа ұштарын негізгі құрылғыларға жалғаңыз. 3.
4. Мониторды тербелмелі тетікке немесе басқа орнату құрылғысына тіркеу үшін орнату құрылғысындағы тесіктер арқылы төрт орнату бұрандасын өткізіп, VESA орнату кронштейніндегі бұранда тесіктеріне кіргізіңіз. Мониторды қосу 1. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз. 2. Алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз. ЕСКЕРТУ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық кескінді көрсетудің нәтижесінде орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық мәзірдегі қуаттың жарық диодын өшіруге болады. Монитордың оң жағындағы Меню (Мәзір) түймесін басып, Управление питанием (Қуатты басқару) > Индикатор Power (Power көрсеткіші) > Выкл. (Өшіру) параметрлерін таңдаңыз. Монитор қосылғанда, Монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі.
Кабель құлпын орнату Мониторды орнатылған нәрсеге HP компаниясынан қол жетімді қосымша кабель қыстырғышымен бекітіңіз.
4 Мониторды пайдалану Бағдарламалық құрал және утилиталар Монитормен бірге берілетін дискіде компьютерге орнатуға болатын файлдар бар: ● .INF (Ақпарат) файлы ● ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс кеңістігі үшін бір файл) (таңдаулы үлгілерде) ● My Display бағдарламалық құралы (таңдаулы үлгілерде) ● HP Display Assistant бағдарламалық құралы (таңдаулы үлгілерде) Ақпарат файлы .
3. Монитор драйвері бағдарламасын орнату тармағын таңдаңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Windows дисплейді басқару тақтасында ажыратымдылық пен жаңарту жиіліктерінің дұрыс мәндері көрсетілетініне көз жеткізіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Орнату қатесі болған жағдайда монитордың сандық қолтаңба қойылған INF және ICM файлдарын дискіден қолмен орнату қажет болуы мүмкін. Дискідегі HP Monitor Software Information (HP монитор бағдарламасы) туралы мәліметтер файлын қараңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Компьютерді қайта іске қосыңыз. Бағдарламалық құралды пайдалану My Display бағдарламалық құралын ашу үшін: ● Тапсырмалар тақтасындағы HP My Display белгішесін басыңыз. Немесе ● Тапсырмалар тақтасындағы Windows Пуск (Бастау) ™ басыңыз және Барлық бағдарламалар > HP My Display > HP My Display тармағын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты бағдарламалық құрал экранындағы Анықтама бөлімінен қараңыз.
1. Ықшам дискіні компьютердің диск ұясына салыңыз. Диск мәзірі көрсетіледі. 2. Тілді таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Бұл опция бағдарламаны орнатқанда қолданылатын тілді таңдайды. Бағдарламаның тілі амалдық жүйе тілі арқылы анықталады. 3. Install HP Display Assistant Utility (HP Display Assistant утилитасын орнату) опциясын басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
Aвто ұйқы режимін қолдану Монитор OSD (экран мәзірі дисплейі) мәзіріндегі Auto-Sleep Mode(Aвто ұйқы режимі) қызметін қолдайды, ол арқылы монитордың қуат күйін азайту функциясын қосуға немесе өшіруге болады. Auto-Sleep Mode (Авто ұйқы режимі) қосылып тұрса (әдепкі күйі бойынша), монитор қосылып тұрған компьютер төмен қуат сигналын бергенде (көлденең немесе тік синхронды сигналдың болмауы), қуат үнемдеу күйіне енеді.
Негізгі мәзір Сипаттама Түсті басқару Экран түсін таңдайды және реттейді. Кескінді басқару Экрандағы кескінді реттейді. Қуатты басқару Қуат параметрлерін реттейді. OSD Control Экрандық мәзірдің басқару элементтерін реттейді. Басқару Дыбыс параметрлерін реттейді және экрандағы дисплей мәзірінің барлық параметрлерін зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарады. Тіл Экрандық мәзір көрсетілетін тілді таңдайды. Зауыттық әдепкі тіл – ағылшын. Ақпарат Монитор туралы маңызды ақпаратты таңдайды және көрсетеді.
Түйме Функция 1 Мәзір OSD (Экран мәзірі дисплейі) негізгі мәзірін ашады, OSD ішінен мәзір элементін таңдайды немесе OSD мәзірін жабады. 2 Жылдам көру Бағдарлама үшін түс параметрін таңдауға болатын Жылдам қарау мәзірін ашады. 3 Келесі белсенді кіріс Монитордың кіріс көзін келесі белсенді кіріске ауыстырады. Егер кейбір үлгілерде белсенді бейне кірісі сандық сигнал (HDMI немесе MHL кірісі) болса, түймелердің мынандай функциялары болады.
а Техникалық сипаттар ЕСКЕРТПЕ: Барлық техникалық сипаттамалар HP компонент өндірушілері берген әдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; нақты өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін. Бұл өнімнің соңғы немесе қосымша техникалық сипаттамаларын көру үшін http://www.hp.com/go/quickspecs/ веб-сайтына кіріп, мониторға тән QuickSpecs табу үшін арнайы дисплей үлгісін іздеңіз.
Орнат. Пиксель пішімі Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Гц) 1 640 x 480 31,469 59,940 2 800 × 600 37,879 60,317 3 1024 x 768 48,363 60,004 4 1280 x 720 45,000 59,940 5 1280 x 1024 63,981 60,020 6 1366 x 768 47,712 59,790 7 1440 x 900 55,469 59,901 8 1600 x 900 60,000 60,000 9 1680 x 1050 65,290 59,954 10 1920 x 1080 67,500 60,000 Орнат.
Қуат адаптері Өндіруші Үлгі нөмірі Қуатпен көзі көрсеткіші Delta Electronic(S) Pte Ltd ADP 65-HB HCB 65 Вт/19 В Қуат адаптері 25
ә Қолдау және ақаулықтарды жою Жиі кездесетін проблемаларды шешу Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін ұсынылатын әдістер көрсетілген. Ақау Ықтимал себебі Ақауды жою әдісі Экран бос немесе бейне жыпылықтайды. Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз. Қуат түймесі өшірілген. Алдыңғы тақтадағы қуат түймесін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесі блокталған болса, қуат түймесін блоктау функциясын өшіру үшін қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Түйме бөгеулері Питание (Қуат) түймесін немесе Меню (Мәзір) түймесін он секунд ұстап тұру осы түйменің жұмысын бөгейді. Функцияларын қайтару үшін сол түймені он секунд қайта басып тұрыңыз. Бұл функция монитор қосылып тұрғанда және белсенді сигнал көрсетіліп тұрғанда ғана істейді.
5. Автоматты түрде реттеу бағдарламасын ашу тармағын таңдаңыз. Орнату сынақ үлгісі көрінеді. 6. Түймелерді іске қосу үшін монитордың оң жағындағы үш түйменің біреуін басыңыз. 7. Тұрақты, ортада орналасқан кескінге қол жеткізу үшін, монитордың оң жағындағы Автоматты реттеу түймесін басыңыз. 8. Сынақ үлгісінен шығу үшін пернетақтадағы ESC пернесін немесе кез келген басқа пернені басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Автоматты түрде реттеу сынақ үлгісі утилитасын http://www.hp.com/support сайтынан жүктеуге болады.
1. Түймелерді іске қосу үшін монитордың оң жағындағы үш түйменің біреуін басыңыз. 2. OSD ашу үшін монитордың оң жағындағы Меню (Мәзір) түймесін басыңыз және Image Control (Кескінді басқару) > Clock and Phase (Сағат және фаза) > Clock (Сағат) тармағын таңдаңыз. 3. Тік жолақтарды жою үшін монитордың оң жағындағы + (Plus) немесе – (Minus) түймелерін басыңыз. Ең қолайлы реттеу нүктесін өткізіп алмау үшін түймелерді ақырын басыңыз. 4.
ЕСКЕРТПЕ: Мониторды қолданушы материалын, сілтеме нұсқаулығын және драйверлерді мына жерден алуға болады: http://www.hp.com/support. Нұсқаулықта берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/go/contactHP. Әлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html. Онда мына әрекеттер бар: ● HP техника маманымен чат арқылы кеңесу ЕСКЕРТПЕ: болады.
б СКД монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы ережелер Сұйық кристалдық монитор ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін HP стандарттарына сай жасалған дәлдігі жоғары технологияны пайдаланады. Дегенмен, дисплейде шағын жарық немесе күңгірт дақтар сияқты кішкене кемшіліктер болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілер қамтамасыз ететін өнімдерде пайдаланылатын барлық сұйық кристалдық мониторларда болады, тек HP сұйық кристалдық дисплейіне ғана тән емес.