Equipment reference manual
9,5 мм жіңішке оптикалық жетекті орнату
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып
тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Дискіні бітеуіш жапқышы бар саңылауға орналастырсаңыз, алдыңғы тақтаны шешіп, саңылау
қақпағын алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Жіңішке оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын
алу (9-бет) бөлімін қараңыз.
8. Босату ілмегіндегі шағын істікшесін дискінің бүйіріндегі кіші тесікке туралаңыз да, құлақшаны
дискіге қарай қаттырақ басып жіберіңіз.
Дискіні орнату және алу 23