Equipment reference manual
Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі
Алдыңғы жапқышты HP жабдықтаған қауіпсіздік бұрандасын орнату арқылы бекітуге болады.
Қауіпсіздік бұрандасын орнату үшін:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз
және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. 6-32 стандартты бұрандаға ие болмасаңыз, диск ұясының үстінде орналасқан төрт күміс түсті
стандартты 6-32 бұранданың бірін босатыңыз. 6-32 стандартты бұранда орындарының суретін
алу үшін
Дискіні орнату және алу (21-бет)бөлімін қараңыз.
8. Алдыңғы жапқышты орнына бекіту үшін 6-32 қауіпсіздік бұрандасын алдыңғы жапқыштың
босату тартқышының ортасына орнатыңыз.
9. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
10. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз.
11. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
12. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
44 2-тарау Құрылғы жаңартулары