Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP ProDesk 600/680 G3 MT бизнес компьютері
© Copyright 2017 HP Development Company, L.P. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Осы кітап туралы Бұл нұсқаулық HP ProDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мәтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері ................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері .............................................................................................................. 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ........................
қосымшасы ә Электр статикалық разряд ..................................................................................................... 39 Электр статикалық разрядты болдырмау ...................................................................................................... 39 Жерге қосу әдістері ............................................................................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде бір немесе бірнеше драйв саңылауын жабатын қақпақша болады. 1 5,25 дюймдік диск ұясы (артқы жапқыш) 6 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB 2.0 порты* 2 Жұқа оптикалық диск жетегі (қосымша) 7 USB 2.0 порты 3 Қос күйлі қосу түймесі 8 USB 3.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері vPro және vPro басқа жүйелердегі артқы құрамдас бөліктерге арналған келесі кескіндер мен кестелерді қараңыз. vPro жүйелері 1 Аудио кіріс ұясы 5 USB 3.x порттары (4) 2 DisplayPort мониторының қосқыштары (2) 6 Қосылған аудио құралдардың аудио шығыс ұяшығы 3 Қосымша порт 7 RJ-45 (желі) ұясы 4 S4/S5 мүмкіндігінен (2) ізі бар USB 2.
vPro басқа жүйелер 1 Аудио кіріс ұясы 5 USB 3.x порттары (2) 2 DisplayPort мониторының қосқыштары (2) 6 Қосылған аудио құралдардың аудио шығыс ұяшығы 3 Қосымша порт 7 RJ-45 (желі) ұясы 4 S4/S5 мүмкіндігінен (4) ізі бар USB 2.0 порттары 8 Қуат сымының қосқышы ЕСКЕРТПЕ: USB пернетақтасын пайдалансаңыз, HP компаниясы пернетақтаны S4/S5 мүмкіндігінен ізі бар USB 2.0 порттарының біріне жалғауды ұсынады.
Сериялық нөмір орны Әрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір және өнімнің жеке анықтағыш нөмірі бар. Көмек алу үшін қолдау көрсету қызметіне хабарласқан кезде осы нөмірлерді пайдалану үшін дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін алу Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет: 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Панельді компьютерге орналастырып (1), оны тарапқа орнына түспейінше сырғытыңыз (2).
Алдыңғы жапқышын алу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады.
Жіңішке оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу Кейбір үлгілерде жұқа оптикалық дискінің саңылауын жабатын қақпақша болады. Оптикалық дискіні орнатпас бұрын бітеуіш жапқышты алыңыз. Бітеуіш жапқышты алу: 1. Компьютердің алынбалы панелі мен алдыңғы жапқышын алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) және Алдыңғы жапқышын алу (9-бет) бөлімдерін қараңыз. 2.
Жүйелік тақта қосқыштары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
Жүйе жадын жаңарту Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған. DIMM құралдар Жүйе тақтасындағы жад ұяшықтары төрт өнеркәсіптік-стандартты DIMM құралдарымен толтырылуы мүмкін. Бұл жад ұяшықтарында кем дегенде бір алдын-ала орнатылған DIMM болады. Жад қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде жиналған жад орнатуға болады.
көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер бір арнаның жады басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс. Мысалы, егер сіз ұяшықтарды бір 2-GB DIMM құралымен және үш 1-GB DIMM құралдарымен толтырып жатсаңыз, А арнасы 2-GB DIMM және бір 1-GB DIMM құралымен және В басқа екі 1-GB DIMM құралдарымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациясының негізінде, 4-Гб қос арна ретінде және 1-Гб жалғыз арна ретінде іске қосылуы қажет.
6. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. Модуль толығымен енгізілгенін және дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді ұяшықтың ішіне төмен қарай басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең болатындай толтырыңыз. DIMM ұяшықтарын толтыру (12-бет) бөлімін қараңыз 7.
Кеңейту картасын алу немесе орнату Компьютерде үш PCI Express x1 кеңейту ұяшығы және бір PCI Express x16 кеңейту ұяшығы бар. ЕСКЕРТПЕ: болады. PCI Express x1, x8 немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұясына орнатуға Екі графикалық карта конфигурациясы үшін, алғашқы (негізгі) картаны PCI Express x16 ұяшығына орнату керек. Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін: 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2.
16 а. Егер бос ұяшыққа кеңейту картасын орнатып жатсаңыз, кеңейту ұяшығының жапқыштарының біреуін жоғары сырғытып, корпустан шығарып алу керек немесе кеңейту ұяшығын жауып тұратын артқы тақтадағы металл қалқаншаларды шешіп алу үшін жалпақ ұшты бұрауышты пайдалану керек. Орнатылудағы кеңейту картасы үшін тиісті қалқанды міндетті түрде алыңыз. ә. PCI Express x1 кәртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кәртішкені әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз.
б. 9. Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 10. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
11. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 12. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына қойыңыз.
16. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 17. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз. Диск орындары 1 5,25 дюймдік жарты биіктіктегі қатты диск ұясы 2 3,5 дюймдік бастапқы қатты диск орны 3 9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегінің саңылауы 4 5,25 дюймдік оптикалық диск ұясы 5 3,5 дюймдік екінші қатты диск орны ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан бөлек болуы мүмкін.
Дискілерді орнату және алу Драйвтарды орнататын кезде келесі нұсқаулықтарды орындаңыз: 20 ● Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк түсті негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек. ● Екінші қатты дискілер мен оптикалық дискілерді жүйе тақтасындағы бір ашық-көк SATA жалғағышына қосыңыз (SATA1 және SATA2 деген жапсырмалары бар). ● Дисктерді шығарып алу үшін алдымен диск ұясындағы барлық кабельдерді дисктен(терден) ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жұмысты жоғалтып алудың және компьютер немесе драйвтың бүлінуін болдырмау үшін: Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз және қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде тұрғанда драйвты қозғамаңыз. Драйвпен жұмыс істер алдында статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Драйвпен жұмыс кезінде қосқышты қозғамаңыз.
6. Оптикалық драйвтың артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Кабельдерді алатын кезде, кабельдің зақым алуын болдырмау үшін кабель орнына тартқыш немесе қосқышты алыңыз. 7. Дисктің артындағы босату тетігін (1) басып, дискті алдыңғы панель арқылы сырғытыңыз (2). 9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін орнату 22 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз. 6. Жіңішке оптикалық жетекті жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып, одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз.
10. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) қосыңыз. 11. Егер жаңа драйв орнатсаңыз, дерек кабелінің қарама қарсы ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына (SATA1 немесе SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз. 12. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 13. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 14. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 15. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
6. Қатты драйвтың артқы жағынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. 7. Дискінің қасындағы ілгекті сыртқа қарай итеріп (1), дискіні жоғарыға бұрыңыз (2) және содан кейін дискті ұяшығынан шығарып алыңыз (3).
Қатты дискіні орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады.
● 7. Драйвты адаптер саңылауының сөресіне төрт қара M3 адаптер сөресінің бұрандаларымен төрт жағынан бекітіңіз. Төрт орнату бұрандасын 3,5 дюймдік жетек немесе 2,5 дюймдік жетек адаптері кронштейнінің бүйірлеріне (әр бүйіріне екеуден) орнатыңыз.
8. Дисктің артқы ұшын ұяшыққа сырғытып (1), дискіні толық түсіріңіз (2). 9. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. 10. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының қосқышына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кез келген қатты дискінің жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін, бастапқы қатты дискке арналған дерек кабелі жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қою-көк қосқышқа жалғануы қажет.
Қауіпсіздік құлпын орнату Төменде және келесі бетте көрсетілген Қауіпсіздік құлыптарын компьютерді қорғау үшін қолдануға болады.
HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 30 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз. 2. Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз.
32 5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Берілген бұранданы (1) пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (2) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (3) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз.
9. 34 Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі.
Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі Алдыңғы бітеуіш оның ішіне шассидің алдыңғы жағына бұранданы орнату арқылы орнына бекітілуі мүмкін. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
а Батарея ауыстыру Компьютермен орнатылған батарея ағымдағы уақыт сағатын қуаттандырады. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютер 3-вольттық тиын тәріздес ұялы литий батареясымен келеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз.
7. Жүйе тақтасындағы батарея ұяшығына қарай, батареяны ауыстыру үшін келесі нұқсаулықтарды орындаңыз. 1-түрі а. Батареяны ұяшығынан көтеріп алыңыз. ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1). ә.
ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 8. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 9. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 10. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 11. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: 40 ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз. Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз.
в Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі 35 алдыңғы жапқышты құлыптайды 35 алдыңғы жапқышы алып тастау 9 ауыстыру 10 бітеуішті алып тастау 10 алдыңғы қауіпсіздік жапқышы 35 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 алу алдыңғы жапқышы 9 кеңейту картасы 15 компьютерге кіру тақтасы 7 оптикалық диск 21 алынбалы қатты драйв 24 алынбалы панель алып тастау 7 ауыстыру 8 артқы тақта құрамдас бөлшектері 3 Б батарея ауыстыру 36 батареяны алу 36 салу 36 Д дискілер кабель қосқыштары 20 орнату 20 орны 19 Ж жад орнату 12 техникалы