User Guide - Windows 8.1

Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде немесе дисплейдің артында.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады.
Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
(4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде)
Microsoft® аутентификация қуәлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы
үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе
ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.x жүйесі алдын ала
орнатылған НР платформаларында жапсырма жоқ. Оның орнына сандық өнім кілті электрондық
түрде орнатылған.
ЕСКЕРТПЕ: НР бекітілген қалпына келтіру әдістері арқылы Windows 8 немесе Windows 8.x
нұсқасын қайта орнату кезінде
, бұл сандық өнім кілтін Microsoft амалдық жүйесі автоматты түрде
таниды және белсендіреді.
Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты
және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау
таңбаларын қамтамасыз етеді.
16 2-тарау Компьютермен танысу