User Guide - Windows 8.1
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, тінтуір
меңзерін қуат өлшегіш белгішесінің үстіне орналастырыңыз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты
таңдаңыз. Бастау экранында параметры
питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания
(қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Тінтуір меңзерін белгішенің үстіне орналастыру арқылы заряд төмен
деңгейіне немесе заряд өте төмен деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Компьютер өшірулі кезде және сыртқы қуат көзінен
ажыратылған жағдайда компьютердің ішіндегі батареяның заряды баяу түрде азаяды. Заряд төмен
немесе өте төмен деңгейге жеткенде, компьютердегі батарея белгішесі хабар береді.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге
жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы ауыстырылатын
батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу
үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану 33










