LCD monitors with HP Compaq LA1956x, LA2006x, LA2206x and LA2306x LED lights User's Guide

Пайдаланушы режимдеріне кіру
Мына жағдайларда бейне контроллерінің сигналы кездейсоқ алдын ала орнатылмаған режимді
шақыруы мүмкін:
Сіз стандартты графикалық адаптерді пайдаланып жатқан жоқсыз.
Сіз алдын ала орнатылған режимді пайдаланып жатқан жоқсыз.
Егер бұл орын алса, экрандағы дисплейді пайдалана отырып, монитор экранының
параметрлерін қайта реттеу керек болуы мүмкін. Өзгертулерді режимдердің кез келгеніне
немесе барлығына енгізуге
жəне жадта сақтауға болады. Монитор жаңа параметрді автоматты
түрде сақтайды, содан кейін жаңа режимді дəл зауытта алдын ала орнатылған режимге ұқсас
таниды. Зауытта алдын ала орнатылған режимдермен қоса, осы жерде енгізіліп, сақталатын
кемінде 10 пайдаланушы режимі бар.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі
Мониторлар қуатты үнемдейтін күйге қолдау көрсетеді. Монитор көлденеңінен синхрондау
сигналының жəне/немесе тігінен синхрондау сигналының жоқ екендігін анықтаса, қуатты
үнемдейтін күйге өтеді. Осы сигналдардың жоғын анықтаудан бұрын монитор экраны бос
болып, артқы жарық өшіріледі жəне қуат жарығы сары болады. Мониторлар қуатты үнемдейтін
күйде болғанда, ол қуаттың 5 ватын ғана пайдаланады
. Монитор қалыпты жұмыс істеу
режиміне келгенше, кішкене қызады.
Қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін (кейде қуатты басқару мүмкіндіктері деп аталады) орнату
туралы нұсқауларды компьютер нұсқаулығынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Жоғарыда айтылған қуатты үнемдеу мүмкіндігі қуатты үнемдеу мүмкіндіктері бар
компьютерлерге қосқанда ғана жұмыс істейді.
Монитордың қуатты үнемдеу утилитасындағы параметрді таңдау арқылы алдын ала
анықталған уақытта қуатты үнемдейтін күйге мониторды бағдарламалауға болады.
Монитордың қуатты үнемдеу утилитасы мониторды қуатты үнемдейтін күйге қойғанда, қуат
жарығы сары болып жанады.
28
Қосымша а Техникалық сипаттамалар