LCD monitors with HP Compaq LA1956x, LA2006x, LA2206x and LA2306x LED lights User's Guide

2
Мониторды орнату
Мониторды орнату үшін монитордың, компьютер жүйесінің жəне басқа да қосылған
құрылғылардың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіп, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Монитордың тіреуіш негізін алып тастау
ЕСКЕРІМ: Келесі қадамдарды HP LA2006x, LA2206x жəне LA2306x үлгілеріне қолдануға
болады.
1. Мониторды қорабынан алып, бетін төмен қаратып жазық жерге қойыңыз.
2. Монитордың тіреуішін бір қолыңызбен ұстап тұрыңыз да, (1) тіреуіштің бас жағын екінші
қолыңызбен қысып ұстап дисплейді 90 градусқа бұрыңыз (2).
ЕСКЕРТУ: СКД тақтасының бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе
сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі
қалпына келмейді.
Cурет 2-1 Монитордың тіреуіш негізін алып тастау
ЕСКЕРІМ: Монитор бірінші рет алынған кезде дисплейдің биіктігі реттелмейтіндей етіп
құлыпталады. Дисплейдің биіктігін реттеу үшін дисплейді басып құлыптан шығарып оны жоғары
көтеріп биіктігін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Мониторды реттеу 11-бетте ішіндегі 3-
қадамды қараңыз.
HP LA1956x мониторына тұғырды орнату
ЕСКЕРІМ: Келесі қадамдар HP LA1956x үлгісі үшін ғана.
1. Мониторды қорабынан алып, бетін төмен қаратып жазық жерге қойыңыз.
Монитордың тіреуіш негізін алып тастау
3