Анықтамалық нұсқаулық
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Ноутбукке жалғанған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары KKWW
Maзмұны 1 Кіріспе ............................................................................................................................................................. 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .................................................................................................................................. 5 Оң жағы ....................
Жергілікті желіге (LAN) қосылу ...................................................................................... 27 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ........... 29 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ................................................................................................ 30 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 30 Меңзеу таяқшасын қолдану .............................
6 Қуатты басқару ............................................................................................................................................ 47 Компьютерді өшіру ........................................................................................................................... 47 Қуат параметрлерін орнату .............................................................................................................. 48 Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану ................................
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ................................................................................... 63 Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану ........................................................................ 63 8 Дискілер ........................................................................................................................................................ 65 Дискілерді ұстау ...........................................................................................
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы ...................................................................... 85 10 Күтім ............................................................................................................................................................ 87 Жад модулін қосу немесе ауыстыру ............................................................................................... 87 Компьютерді тазалау ..............................................................................
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ................... 104 13 Қолдау ....................................................................................................................................................... 105 Қолдау қызметіне хабарласу ......................................................................................................... 105 Жапсырмалар ............................................................................................................
1 Кіріспе Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (19-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
4 1-тарау Кіріспе KKWW
2 Компьютермен танысу Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік (3) Сипаттама USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады. USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (61-бет) бөлімінен қараңыз. 6 (4) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды. (5) RJ-45 (желі) ұясы/шамдары Желілік кабелді қосады. ● Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Бөлік (6) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді, ал дисплей қуат қосылып тұрғанда жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРТПЕ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 10 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі жəне қосу/өшіру шамы Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы.
Шамдар Бөлік (1) KKWW Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған.
Түймелер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік KKWW Сипаттама (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз желі модулі (LAN (WLAN)) ұясы, сымсыз кең аймақ желісінің (WWAN) ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) жəне жад модулінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік (2) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасы Қызмет көрсетуге арналған есікті шешеді. ЕСКЕРТПЕ: Қызмет көрсету үшін ашатын есікті кездейсоқ алмау үшін қауіпсіздік бұрандасы беріледі. (3) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. (2) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі.
18 2-тарау Компьютермен танысу KKWW
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРТПЕ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей. Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі жолда немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны орнына салыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 9. Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
28 3-тарау Желіге қосылу KKWW
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді.
● Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мəзірін ашу үшін басыңыз. Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде) Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Сенсорлы тақта аймағына үш саусақты қойып, жеңіл, жылдам қозғалыспен саусақтарыңызды жоғары, төмен, солға немесе оңға жүргізіп өтіңіз.
Оң жақ жиекті сипау Саусақты оң жақ жиектен жылжыту іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін шебер түймелерді ашады. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз. Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз.
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● KKWW Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын жылжытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады. fn+f8 Микрофонды үнсіздендіреді. fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді. fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
(2) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (5) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін: ▲ KKWW Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
40 4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау KKWW
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам п
● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ● Дыбыс деңгейі пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына звук (дыбыс) cөзін жазыңыз, одан кейін Звукозапись (Дыбыс жазба) опциясын таңдаңыз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. 3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз. Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің DisplayPort портына бір ғана DisplayPort құрылғысын жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да көрсетіледі. Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін 1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз. 3.
Miracast ашу үшін ▲ Саусақты Бастау экранының оң жақ жиегінен жылжытыңыз, Устройства (Құрылғылар) белгішесін түртіп, Проект (Жоба) пəрменін таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Шебер түймелерді көрсету үшін экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзеңіз жəне Устройства (Құрылғылар) түймесін нұқып, Проект (Жоба) пəрменін таңдаңыз.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосықышы болуы мүмкін. Осы нұсқаулық ішінде қуат түймешігі термині қуатты басқару құралдарының екі түрліне де қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса, ашық тұрған бағдарламалардың барлығын жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
● ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басыңыз. Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, одан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. ● Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны шығарыңыз. Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз. 4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін таңдаңыз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
Батарея қуатын пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады.
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз. Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану (49-бет) бөлімін қараңыз. Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
2. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралап, батареяны ұясына нық отырғанша басыңыз. Батареяны орнына бекіту үшін батареяның босату ысырмаларын жылжытыңыз (2). Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. KKWW 1.
3. Мата құлақшадан ұстап батареяны жоғары қарай жылжытып (2), ұясынан шығарып алыңыз (2). Батарея қуатын үнемдеу ● Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
режимінде жұмыс істейді. Қолданбаға қажетті режимді (жоғары сапалы немесе қуат үнемдеу) гибрид графикасын басқару панелі арқылы таңдауға болады. ЕСКЕРТПЕ: Құрылғының шектеулеріне байланысты кейбір қолданбалар екі режимнің біреуін ғана қолдана алады. Қосымша ақпарат алу үшін, гибрид графикалық режимдер бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (5-бет) бөлімін қараңыз.
1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) ішке қарай басып, ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт карталарды қолдану ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін білдіреді.
2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Қажет бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қай портын қолдануды білу үшін өндіруші' нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
64 7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғылар KKWW
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: KKWW ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. 1. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы шетіне жақын туралау үшін, қызмет көрсету үшін ашатын есікті төмен еңкейтіңіз (1). 2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына түскенше алға қарай (2) сырғытыңыз. 3.
Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығару үшін: 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 4. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою (66-бет) бөлімін қараңыз) жəне батареяның өзін (Батареяны шығарып алу (53-бет) бөлімін қараңыз) алып тастаңыз. 5. Қатты диск қақпағындағы 4 бұранданы бұрап босатыңыз (1).
2. Қатты диск бұрандаларын бұрап қатайтыңыз (4). 3. Батареяның өзін (Батареяны салу (52-бет) бөлімін қараңыз) жəне қызмет көрсету үшін ашатын есікті (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу (67-бет) бөлімін қараңыз) орнына салыңыз. 4. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 5. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін: 1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз. 2. Бастау экранында диск деп теріңіз. 3. Оптимизация (Оңтайландыру) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін.
орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз.
72 8-тарау Дискілер KKWW
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз еткен стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне жатпайтын Computer Setup қызметі көмегімен жеке параметрлер мен деректерді түрлі қатерлерден қорғауға болады. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін, көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөзді Computer Setup мазмұндарын қорғау үшін қолдану мүмкін емес. Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. *Windows əкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз. 5. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз. 6. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 7. Жаңа құпия сөз қайта сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз. 8. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында “Press the ESC key for Startup Menu” (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock Password (DriveLock құпия сөзі) сұралғанда, пайдаланушы немесе басты құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында “Press the ESC key for Startup Menu” (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары)> Automatic DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз. 5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 7.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, жəне көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз. Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін Бастау экранында п əрпін теріңіз де, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз. 84 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Кірістірілген саусақа ізін оқу құрылғысы тек таңдаулы үлгілерде бар Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін компьютерде құпия сөзі бар пайдаланушы жазбасын орнату керек. Бұл жазба компьютеріңізге белгіленген саусағыңыздың түрткісі арқылы кіруге рұқсат береді. Саусақ ізін оқу құрылғысын веб-тораптардың құпия сөзі бөлімін толтыру үшін немесе кіруді қажет ететін басқа да бағдарламалар үшін қолдануға болады.
86 9-тарау Қауіпсіздік KKWW
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге жақын арада орнатылғанын тексеріңіз жəне қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз. BIOS жүйесін жаңарту (99-бет) бөлімін қараңыз.
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 5.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. KKWW 6. Батареяның өзін (Батареяны салу (52-бет) бөлімін қараңыз) жəне қызмет көрсету үшін ашатын есікті (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу (67-бет) бөлімін қараңыз) орнына салыңыз. 7. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 8.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, əртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
92 10-тарау Күтім KKWW
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
● Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады. ● f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.
4. Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) пəрменін таңдап, Дополнительные параметры (Қосымша параметрлер) опциясын жəне Восстановление при загрузке (Қосылғанда жөндеу) параметрін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Windows жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) қызметінен осы тақырыптарды іздеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін оптикалық дискіенгізгісіне салып, компьютерді қайта қосыңыз. 3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Орнату үрдісі аяқталғаннан кейін: 1. Windows операциялық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін шығарып алыңыз. 2.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пəрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз. ● Жоғары жəне төмен жылжу үшін, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен көрсеткіні басыңыз немесе жоғары не төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз. ● Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді. ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік параметрлері өзгермейді. BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін.
1. Бастау экранында hp support assistant деп теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. 2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пəрменінен кейін Check for HP updates now (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пəрменін таңдаңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз: а. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз.
MultiBoot желісін пайдалану Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
● Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары) > UEFI Boot Order (UEFI жүктеу реті) > UEFI Hybrid (With CSM) (CSM бар UEFI гибриді), ● Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары) > UEFI Boot Order (UEFI жүктеу реті) > UEFI Native Boot (Without CSM) (CSM жоқ UEFI кірістірілген жүктеу) режимі, ● Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары) > Legacy Boot Order (Əдетті жүктеу реті) > Legacy (Əдетті жүктеу) режимі, enter пернесін басыңыз. 4.
3. Меңзегіш құрылғының жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары) > MultiBoot Express Boot Popup Delay (Sec) (Multiboot Express қалқыма хабарын кідірту (сек)) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея ұяшығында немесе қызмет көрсету есігінің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
14 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзінде 100–240 В, 50–60 Гц параметрлері болуы тиіс.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5°C - 35°C 41°F - 95°F Жұмыссыз режимде -20°C - 60°C -4°F - 140°F Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасы
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз.
орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.
Мəселелерді шешу Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін басқа электр құрылғысын қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған төмендегі əрекеттерді орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз. ● Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз. ● Компьютердің сымсыз антенналарына ешбір кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз. ● DSL немесе кабель модемі жəне оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар жанғанына көз жеткізіңіз.
а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей ретінде тағайындалған дисплейден көрінбейді. Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын тоқтатылды KKWW ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Ұйқылық күйді өшіріңіз.
116 ə қосымшасы Ақаулықтарды жою KKWW
б Электростатикалық ток соғу Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
118 б қосымшасы Электростатикалық ток соғу KKWW
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 80 шығарып алу 81 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 45 айнымалы ток адаптері, тексеру 57 айнымалы ток адаптерін тексеру 57 ақаулықтарды жою дискіге жазу 115 дискіні ойнату 114 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 114 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 5 аудио функциялар, тексеру 42 аудио функцияларды тексеру 42 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 5 батареяның төмен деңгейлері 51 жою 55 зарядсыздану 51 қалған зарядты көрсету 51 қуатты үнемдеу 54 сақтау 5
сымсыз куəлік 106 техникалық 106 жауап қайтармайтын жүйе 47 желдеткіштер, анықтау 7, 16 желіаралық қалған бағдарламасы 82 желі ұясы, анықтау 6 жұмыс ортасы 108 жылдам пернелер, медиа 41 И Интернет байланысын орнатқыш 22 К кабельдер USB 62 компьютер, сапарға шығу 54, 109 компьютерге күтім көрсету 90 компьютерді өшіру 47 компьютерді сапарға алып шығу 54, 106, 109 компьютерді тазалау 90 корпоративтік WLAN қосылымы 23 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 36 Күту қосу 48 шығу 48 күтім Дискіні дефрагментациялау
пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 36 пернетақтаның артқы жарығы 37 порттар DisplayPort 5, 44 Miracast 45 USB 3.
электростатикалық ток соғу 117 A AMD қосарлы графикалары 57 Aйнымалы ток адаптері/батарея шамы 17 B BIOS жаңарту 99 жаңартуды жүктеп алу 99 нұсқаны анықтау 99 Bluetooth жапсырмасы 106 Bluetooth құрылғысы 19, 25 C caps lock шамы, анықтау 11 Computer Setup BIOS əкімші құпия сөзі 75 DriveLock құпия сөзі 77 зауыт параметрлерін қалпына келтіру 98 шарлау жəне таңдау 97 D DisplayPort, анықтау 5 DisplayPort, жалғау 44 DriveLock құпия сөзі енгізу 79 орнату 78 өзгерту 79 сипаттама 77 шығарып алу 80 E esc пернесі, аны