Reference guide

12
Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі
қ
амтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Қателер компьютердің дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
Computer Setup қызметін бастау
ЕСКЕРТПЕ: USB портына жалғанған сыртқы пернетақта немесе тінтуірді Computer Setup
құралымен тек USB функциясын қолдау қосылып тұрған жағдайда қолдануға болады.
Computer Setup қызметін бастау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
Press the ESC key for Startup Menu(Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10
пернесін басыңыз.
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау
Computer Setupқызметінде шарлау жəне таңдау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
Press the ESC key for Startup Menu(Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде esc пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін көрсеткі құрылғысын
(TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға
болады.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
KKWW Computer Setup пайдалану
97