Reference guide

Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пəрменді таңдау
үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
Жоғары жəне төмен жылжу үшін, экранның
жоғарғы оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткіні басыңыз немесе жоғары не төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз.
Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup м
əзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз:
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтамай шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Сақтау
таңбасын басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
Press the ESC key for Startup Menu(Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде esc пернесін
басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Restore Defaults
(Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау жə
не шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save
(Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
98
12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) KKWW