Reference guide

Мəселелерді шешу
Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды.
Компьютер қосылмайды
Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің
неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін:
Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін
басқа электр құрылғысын қосы
ңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР
компаниясы ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Егер компьютер айнымалы ток розеткасынан басқа сыртқы қуат көзіне жалғанса,
айнымалы ток адаптерін пайдаланып, компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
Қуат сымы мен айнымалы ток адаптерінің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
Компьютердің экраны бос
Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп
болуы мүмкін:
Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін
басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп
қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып
табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе
компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы
жəне басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің
тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор
(Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы
параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін.
Кескінді компьютердің экранына жіберу
үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. Модельдердің
басым бөлігінде монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей компьютерге қосылған кезде
кескін компьютер экранына, сыртқы дисплейге немесе құрылғылардың екеуіне бір
мезгілде берілуі мүмкін. fn+f4 пернесі қайталап басылғанда, бейне компьютер дисплейі,
бір немесе бірнеше сырт
қы дисплейлер арасында ауысып, барлық құрылғыларда бірден
көрсетіледі.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
Егер бағдарламалық құрал жауап бермесе немесе дұрыс жауап бермесе, экранның оң жағын
басу арқылы компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз. Шебер түймелері көрсетілгеннен кейін
Настройки (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз. Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, одан кейін
Завершение работы (Ж
ұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз. Егер осы іс реті арқылы
компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса,
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді (113-бет)
атты келесі бөлімді қараңыз.
112
ə қосымшасы Ақаулықтарды жою KKWW