Reference guide

3
Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысыКомпьютерлерді корпоративті офистер, үй
жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сия
қты
қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы үлгілерде) көптеген аймақтарда
сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы
болып табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық
жерінде бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын
тиімді қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды
орнатады
.
Bluetooth құрылғысы компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
жəне камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке
аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі əр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады жəне бұл құрылғылар
бір-біріне біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, HP Support Assistant
бағдарламасындағы ақпаратты жəне веб-тораптар сілтемелерін қараңыз. Бастау экранынан HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant
белгішесін таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
Сымсыз байланыс түймешігі
Амалдық жүйе басқару элементтері
KKWW Сымсыз желіге қосылу
19