Reference guide

Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп,
Параметры (Параметрлер) жəне Мышь (Тінтуір)
пəрмендерін таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны жəне қимылдарды пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
30
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау
KKWW