Reference guide
Бөлік Сипаттама
(2)
fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық
пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандар
пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар
пернетақтасы жұмыс істемейді.
(5)
Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар
пернетақтасы
ретінде қолдануға болады.
Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы
белгіше көрсететін функцияны орындайды.
(6)
num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, орнатылған сандар
пернетақтасын қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернета
қта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне өшіру
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық
пернетақтаны өшіру үшін fn+num lk пернелерін қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанғанда,
енгізілген сандық пернетақта өшеді.
Енгізілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру
Енгізілген сандық пернетақтадағы пернелердің функцияларын стандартты пернетақта
функциялары ретінде де, сандар пернетақтасы функциялары ретінде де қолдануға болады.
●
Сандық пернетақта өшірулі күйде болғанда, оның пернесінің шарлау функциясын
пайдалану үшін, пернетақта пернесімен
бірге fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Пернетақта қосылып тұрғанда, пернетақта пернесінің стандартты функциясын қолдану:
◦
Кіші əріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі
, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
38
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш
құрылғылар арқылы
шарлау
KKWW