Reference guide

Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдары туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)
ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар
сатылады.
Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау)
сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп,
дыбыс жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс
)
тармақтарын таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) параметрі астынан дыбыс сигналы немесе ескерту
дыбысы сияқты кез келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін Проверить (Тексеру)
түймешігін басың
ыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
42
5-тарау Мультимедиа KKWW