Reference guide
7
Сыртқы карталар мен құрылғылар
Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған
камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының
пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен
танысу (5-бет) бөлімін қараңыз.
Сандық картаны салу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін оны салған кезде, қатты
күшпен итермеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
2. Сандық медиа ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
KKWW Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
59