Reference guide

2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Смарт-картаны шығарып алу
Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш,
сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал
интерфейсі.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет
етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Бағдарламалық құралмен қамтамасыз етілген
бұл нұсқаулар дискіде немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
Компьютерде кем дегенде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрыл
ғыларын қолдайтын 1 USB порты
бар. Сондай-ақ компьютеріңізде механикаландырылған USB кабелімен қолданылатын болса,
сыртқы құрылғыға қуат беретін механикаландырылған USB порты болуы мүмкін. Қосымша
қондыру құрылғысы немесе USB хабы компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB
порттарын қамтамасыз етеді.
KKWW USB құрылғысын пайдалану
61