Reference guide
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Қажет бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қай портын қолдануды білу үшін өндіруші' нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін:
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының
өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз.
2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне
қосыңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құ
рылғыны өшіріп, одан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынбалы сыртқы дискілер ақпаратты сақтау жəне табу мүмкіндігін кеңейтеді. USB дискісін
компьютердің USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP сыртқы USB оптикалық дискісін компьютердің қуат берілетін USB портына
қосу керек.
USB дискісінің мынадай түрлері бар:
●
1,44 мегабайттық дискета салғыш
●
Қатты диск модулі
●
Сыртқы оптикалық диск (CD, DVD жəне Blu-ray)
●
MultiBay құрылғысы
KKWW Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
63