Reference guide
9
Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз еткен стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне
Windows жүйесіне жатпайтын Computer Setup қызметі көмегімен жеке параметрлер мен
деректерді түрлі қатерлерден қорғауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз жəне барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке
негізделетін қадағалау жəне қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады.
Егер компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace
құралы компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін,
бағ
дарламалық құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық
құралына тапсырыс беру туралы ақпаратты алу үшін,
http://www.hp.com мекенжайы бойынша
веб-торапқа өтіңіз.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Кілтсөз, смарт-карта жəне/немесе саусақ ізін тану құралы
мен HP ProtectTools Security Manager
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup қызметіндегі DriveLock құпия сөзі*
Оптикалық
диск, дискета немесе ішкі Интернет
адаптерінен рұқсатсыз жұмыс бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
HP ProtectTools Security Manager
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
●
Windows жаңартулары
●
Drive Encryption for HP ProtectTools
Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құ
пия сөзі*
KKWW Компьютерді қорғау
73