Reference guide
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде
, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (
Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта қосыңыз
жəне экранның төменгі жағында
“Press the ESC key for Startup Menu” (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Change Password
(Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін
басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде, растау үшін, жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup
қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter
пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS əкімші құпия сөзін жою
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
“Press the ESC key for Startup Menu” (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басың
ыз)
хабарламасы бейнеленгенде esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін
басыңыз.
4.
Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз.
5. Жаңа құпия сөз сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
76
9-тарау Қауіпсіздік KKWW