Reference guide
DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay
құрылғысына емес).
DriveLock Password (DriveLock құпия сөзі) сұралғанда, пайдаланушы немесе басты құпия сөзді
теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін
басың
ыз.
Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп
көру керек.
DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында “Press the ESC key for Startup
Menu” (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру ү
шін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard
Drive Tools (Қатты диск құралдары) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін > DriveLock
опциясын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
4. BIOS əкімші құпия сө
зі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен DriveLock құпия сөзін
тағайындау пəрменін, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Ішкі қатты дискті таңдау үшін көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, содан кейін enter
пернесін басыңыз.
7. Меңзегіш құрал немесе жебе пернелердің көмегімен Изменить пароль (Құпия сөзді
өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді теріп, enter
пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
11. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұ
сқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
KKWW Құпия сөздерді пайдалану
79