Reference guide
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол
компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені,
бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі
мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя
алады, жəне көбінесе олардың
келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Вирусқа қарсы бағдарлама компьютеріңізде алдын-ала орнатылған болуы жəне алдын-ала
ұсыныс
жасауы мүмкін. Компьютеріңізді толығымен қорғау үшін, ұсыныс жасалған кезде
жаңарту жасау немесе өзіңіз қалаған вирусқа қарсы бағдарлама сатып алу ұсынылады.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан
қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол
жеткізу үшін, HP Support
Assistant белгішесін таңдаңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралы
қ қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
м
үмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені уақытша шешу үшін, желіаралық
қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз
да, желіаралық қалқанды қайта
қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
82
9-тарау Қауіпсіздік KKWW