User Guide - Windows 10

Түймелер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows® жүйесінің
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру
үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына питание
(қуат) деп жазып Параметры питания и спящего режима
(Қуат және ұйқылық режим параметрлері) опциясын, одан
кейін Питание и спящий режим (Қуат және ұйқылық режим)
опциясын таңдаңыз.
(2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(3) Сымсыз байланыс түймесі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз
байланыс орнатпайды.
10 2-тарау Бөліктер