User Guide - Windows 10
Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
Алдыңғы жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген
сымсыз құрылғы қосулы.
(2) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып
табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған.
Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес
құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын
қуатты үнемдеу күйі.
(3) Батарея шамы
●
Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған және
батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
●
Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған
және батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
●
Сары болып жыпылықтап тұрса: Жалғыз қуат көзі
болып табылатын батарея төмен заряд деңгейіне
жетті, Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде,
батарея шамдары жылдам жыпылықтай
бастайды.
●
Өшірулі: Батарея толық зарядталған.
(4) Қатты диск шамы
●
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск
пайдаланылуда.
●
Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті
уақытша өшіріп қояды.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
14 2-тарау Бөліктер