User Guide - Windows 7

1
Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
Интернетке қосылуИнтернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін
реттеңіз. Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу (13-бет) бөлімінен қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңартуКомпьютерді вирустардан болатын
зақымнан қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану (63-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютермен танысуКомпьютер мүмкіндіктері туралы мəліметтер алыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін,
Компьютермен танысу (4-бет) жəне Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (21-бет) бөлімдерін қараңыз.
Найти установленные ПО (Орнатылған бағдарламалық құралды табу) компьютерде
алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралды
пайдалану туралы толық ақпаратты
бағдарламалық құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар
бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақты
қ көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру (72-бет) бөлімін қараңыз.
1