User Guide - Windows 7
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасының көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл
өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
8. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
11. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
GPS желісін пайдалану
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS
спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен
жабдықталған жүйелерге жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Сымсыз желіге қосылу
19