User Guide - Windows 7

Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернелер тіркесімін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақ
ытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, кө
рсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі əрекеттерді
орындаңыз: Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау) тармақтарын таңда
ңыз. Дисплей санатынан
Регулировать разрешение экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату
түймешігін басыңыз.
32
5-тарау Мультимедиа