User Guide - Windows 7

3. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату ысырмасын оңға
қарай сырғытыңыз (3) жəне таңдасаңыз, қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына бекіту
үшін, қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз (4). Қызмет көрсету ү
шін ашатын есікті
құлыптау үшін, босату ысырмасын солға қарай ысырыңыз (5).
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсету үшін
ашатын есіктің астында сақталады.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі
екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта
қою (49-бет) бөлімін қараңыз) жəне батареяның өзін (Батареяны шығарып алу (38-бет)
бөлімін қараңыз) алып тастаңыз.
50
8-тарау Дискілер