User Guide - Windows 7
2. Қатты диск бұрандаларын бұрап қатайтыңыз (4).
3. Батареяның өзін (Батареяны салу (37-бет) бөлімін қараңыз) жəне қызмет көрсету үшін
ашатын есікті (
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу (49-бет) бөлімін қараңыз)
орнына салыңыз.
4. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
5. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі
үшін, Disk Defragmenter (Диск
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады).
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс
істету қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk
Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет
дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
52
8-тарау Дискілер