User Guide - Windows 7

9
Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне
Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен
деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз жəне барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке
негізделетін қадағалау жəне қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады.
Егер компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace
құралы компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін,
бағ
дарламалық құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық
құралына тапсырыс беру туралы ақпаратты алу үшін,
http://www.hp.com мекенжайы бойынша
веб-торапқа өтіңіз.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP Client Security бағдарламалық құралы құпия сөз, смарт
карта, контактісіз карта, тіркелген бет суреттері,
тіркелген саусақ ізі мен басқа аутентификациялық
деректермен бірге қолданылғанда.
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Қ
атты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралында қолданылатын DriveLock
құпия сөзі немесе автоматты DriveLock құпия сөзі*
Қосымша сыртқы оптикалық дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде), қосымша сыртқы қатты дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе ішкі желілік адаптерден рұқсатсыз
бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу
параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
HP Drive Encryption бағдарламалық құралы
Windows қорғаушысы
Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Компьютердің орнын
рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік
кабелімен бірге пайдаланылады)
*Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына
негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау
үшін,
көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Компьютерді қорғау
55