User Guide - Windows 7

Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Егер BIOS əкімшісінің құпия сөзін жоюды
болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар
өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғ
алған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою
үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі
барысында DriveLock Passwords параметрінде
орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын, BIOS
əкімшісінің құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock қызметімен
қорғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды жəне қосу үрдісі барысында
DriveLock Passwords парметрінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын, BIOS
əкімшісінің құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің əрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден
қараңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Setup
BIOS Administrator Password (BIOS əкімші құпия сөзін реттеу) тармағын таңдап, enter
пернесін
басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаң
ыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пəрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Құпия сөздерді пайдалану
57