User Guide - Windows 7

DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10
пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard
Drive Tools (Қатты диск құралдары) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter
түймесін басыңыз.
4. Set DriveLock Password (global) (DriveLock құпия сөзін орнату (жаһандық)) пəрменін
таңдаңыз.
5. BIOS əкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен қорғалатын қатты дискіні
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES
(ИƏ) жауабын таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін теріп, enter
пернесін басыңыз.
11. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін растау үшін, қайта теріп, enter пернесін
басыңыз.
12. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock
деп теріп, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
13. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пə
рмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
60
9-тарау Қауіпсіздік