User Guide - Windows 7
11
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратыңызды қорғауға жəне қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР жəне Windows
құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай
келтіруге көмектеседі. Бұл бөлімде келесі процестер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру медиасын жəне сақтық көшірмелерді жасау
●
Жүйені бастапқы күйіне немесе қалпына келтіру
Қалпына келтіру медиасын жəне сақтық көшірмелерді
жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне тек жақын арада жасалған сақтық
көшірме бірдей нəтиже береді.
1. Компьютер параметрлерін сəтті орнатқаннан кейін, НР қалпына келтіру медиасын жасаңыз.
Бұл кезеңде Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі
жəне Драйверді қалпына келтіру
DVD дискісі жасалады. Windows DVD дискісін тұпнұсқалық амалдық жүйені қатты диск
зақымдалған немесе ауыстырылған жағдайда қайта орнату үшін пайдалануға болады.
Драйверді қалпына келтіру DVD дискісінен арнайы драйверлер жəне бағдарламалар
орнатылады.
HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін
жасау (73-бет) бөлімін қараңыз.
2. Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралдарын мына əрекеттерді
орындау үшін пайдаланыңыз:
●
Жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмелерін жасау;
●
Бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін жасау (тек таң
даулы үлгілерде);
●
Орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дисктерін жасау;
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл нұсқаулықта сақтық көшірме жасау, бастапқы қалпына келтіру жəне қалпына
келтіру мүмкіндіктері туралы шолу беріледі. Берілетін құралдар туралы қосымша толық
ақпаратты Анықтама жəне қолдау орталығында қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығ
ына
кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып
шығаруды жəне кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
Жүйе істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына
келтіруге болады.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау (73-бет) бөлімін қараңыз.
Нұсқаулар
●
Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына
диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL
72
11-тарау Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру