User Guide - Windows 7
4. Восстановление запуска (Басталғанда қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде осы тақырыптарды
іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген
бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған
амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады
. Зауытта
орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің
оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде көрсетілмесе, амалдық жүйені жəне
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі мен Драйверді қалпына
келтіру дискісі арқылы қалпына келтіру керек. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 7
амалдық жүйесінің DVD медиасы (76-бет) бөлімін қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосып, экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз.
4. Экранда “Қалпына келтіру үшін <F11> пернесін басыңыз” хабары көрсетілгенде f11
пернесін басыңыз.
5. Экрандағ
ы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы
Егер HP Recovery Disc Creator (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы əрі бұрын жасалған қалпына
келтіру медиасын пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін
сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін
, HP веб-торабына өтіңіз.
АҚШ-та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/support мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз.
Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html
веб-торабын қараңыз. Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD
дискісіне тапсырыс бере аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген
Worldwide Telephone Numbers
(Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін
толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта
пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай
-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
76
11-тарау Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру