User Guide - Windows 7
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
–
немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтамай шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save
(Сақтау) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі)> Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пəрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін
көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұ
рғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Restore Defaults
(Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді
сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save
(Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі)> Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пəрмендерін, одан кейін
enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік
параметрлері өзгермейді.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында
SoftPaq
деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Computer Setup пайдалану
79