User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен
ақылдасыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні нұқыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты
диск болып табылады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты
дискідегі қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы,
filename
.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған
файлды қатты дискіден жоюға болады.
MultiBoot желісін пайдалану
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі.
Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін
басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері,
желілік интерфейс картасы (NIC), қатты
дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу
құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа
немесе файлдар бар.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer
Setup утилитасында іске қосу қажет.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын
іздеу ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for
Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc пернесін басыңыз, одан кейін f9 пернесін басы
ңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу
құрылғыларды көрсететін мəзір ашылады жəне жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік
беріледі. Немесе MultiBoot Express құралын компьютер қосылған не қайта басталған сайын
компьютерде жүктеу құрылғысының орналасуы сұралатындай етіп
орнатуға болады.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
MultiBoot желісін пайдалану
81