User Guide - Windows 7
●
Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу
ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
●
Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу
ретін динамикалық
түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу
мүмкіндіктері) мəзірін ашуға f9 пернесін басу үшін.
●
Айнымалы жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін.
Компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын жүктеу құрылғысы сұралады.
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басың
ыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Legacy Boot Order (Жалпы жүктеу реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Құрылғыны
жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз.
– немесе –
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
төмен көрсеткі пернесін пайдаланы
ңыз немесе - пернесін басыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
са
қтау жəне шығу) пəрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес динамикалық түрде
таңдау
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз жəне Select Boot Device (Жүктеу
құрылғысын таңдау) мəзірі ашылады.
2. f9 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен жүктеу құрылғысын
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басың
ыз.
82
12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)