User Guide - Windows 7
а Компьютерді сапарға алып шығу
немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
●
Компьютерді тасымалдауға дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
◦
Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын
шығарып алыңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен ұшқанда, компьютерді қол ж
үгі ретінде ұстаңыз жəне оны басқа жүктеріңізбен
бірге тіркемеңіз.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Қол жүгін тексеретін əуежай конвейер таспалары жəне осыған ұқсас қауіпсіздік
құрылғылары магнетизм орнына рентген сəулелерін қолданады
жəне ол дискіге зақым
келтірмейді.
●
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты
ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Əуе сапары кезінде компьютер қолдануға
рұқсат беру əуе компаниясының құзырында.
●
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен
«FRAGILE» (Тез сынғыш) деген
ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға
кейбір орталарда тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш
заттардың жанында жəне қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі
бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақ
ты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан
бұрын рұқсат сұраңыз.
●
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
◦
Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік
ережелерін тексеріңіз.
◦
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағ
ы қуат сымы мен адаптері
бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері
əртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты
қауіпті азайту үшін компьютерді керек-жарақтарға арналып сатылатын кернеуді
түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
88
а қосымшасы Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау