HP Compaq LA1905wl, LA1905wg, LA2205wg, LA2205wl, LA22f, LA2405wg, and LA2405x LCD monitors User's Guide

Кабельдерді қосу
1. Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кабельдерді қосқанға дейін оларды монитордың тұғырындағы саңылаулардан
өткізіңіз.
2. VGA сигналдық кабелін, DVI-D сигналдық кабелін немесе DisplayPort сигналдық кабелін
жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Монитор аналогты немесе сандық кірісті қолдайды. Бейне режимін
пайдаланылатын бейне кабелі анықтайды. Монитор қай кірістердің жарамды бейне
сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістерді алдыңғы тақтадағы +/source
түймесін немесе Мəзір түймесін басу арқылы экрандағы дисплей арқылы таңдауға
болады.
Аналогтық жұмысы үшін берілген VGA сигналдық кабелін пайдаланыңыз. VGA
сигналдық кабелінің бір соңын монитордың артқы жағындағы VGA коннекторына жəне
екінші соңын компьютердегі VGA коннекторына қосыңыз.
DVI сандық жұмысы үшін берілген DVI-D сигналдық кабелін пайдаланыңыз. DVI-D
сигналдық кабелінің бір соңын монитордың артқы жағындағы DVI коннекторына жəне
екінші соңын компьютердегі DVI коннекторына қосыңыз.
DisplayPort сандық жұмысы үшін DisplayPort сигналдық кабелін пайдаланыңыз
(берілмеген). DisplayPort
сигналдық кабелінің бір соңын монитордың артқы жағындағы
DisplayPort коннекторына жəне екінші соңын компьютердегі DisplayPort коннекторына
қосыңыз.
3. Берілген аудио кабелінің бір ұшын компьютердің артқы панеліндегі USB хаб коннекторына,
ал екінші ұшын монитордағы кіріс USB коннекторына жалғаңыз.
4. Қуат сымының бір соңын монитордың артқы жағындағы айнымалы ток қуат жалғағышына
жəне екінші соңын қабырғадағы электр розеткасына қосыңыз.
Cурет 2-3
Кабельдерді қосу
Кабельдерді қосу 5