HP Compaq LA1905wl, LA1905wg, LA2205wg, LA2205wl, LA22f, LA2405wg, and LA2405x LCD monitors User's Guide

4. Қолдануыңызға байланысты мониторды альбомдық қалыптан портреттік қалыпқа
бұрыңыз.
а. Мониторды толық биіктігіне реттеңіз жəне толық шалқайту үшін артқа қарай итеріңіз
(1).
ə. Мониторды альбомдық қалыптан портреттік қалыпқа қою үшін сағат тілімен 90°-қа
бұрыңыз (2).
ЕСКЕРТУ: Мониторды бұрған кезде толық биіктікте тұрмаса, оның панелінің төменгі
оң жақ бұрышы тіреуішке тиіп мониторды зақымдауы мүмкін.
Cурет 2-7 Мониторды бұру
ЕСКЕРІМ: Портреттік режимдегі экранда ақпаратты көру үшін бағдарламалық құрал мен
құжаттама ықшам дискісінде қамтылған Pivot Pro бағдарламасын орнату қажет. OSD
мəзірінің қалпы да портреттік режимге бұрылады. Экрандық мəзірді айналдыру үшін
алдыңғы панельдегі Мəзір түймесін басып экрандық мəзіргее кіріңіз, мəзірден экрандық
мəзірді басқару тармағын, содан кейін экрандық мəзірді айналдыру тармағын
таңдаңыз.
Мониторды қосу
1. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Компьютерді қосу үшін, ондағы қуат түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық
кескінді көрсетудің нəтижесінде орын алуы мүмкін.*Монитор экранында мұндай зақымдалуды
болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP
кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
* Ұзақ
уақыт кезеңі болып 12 сағат қатар пайдаланбау табылады.
ЕСКЕРІМ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі
қосылған болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып
тұрыңыз.
Мониторды қосу 9