HP Compaq LA1905wl, LA1905wg, LA2205wg, LA2205wl, LA22f, LA2405wg, and LA2405x LCD monitors User's Guide
ЕСКЕРІМ: Экрандық мəзірдегі қуаттың жарық диодын өшіруге болады. Монитор алдындағы
Мəзір түймесін басып, Басқару > Алдыңғы тақта қуатының жарық диоды > Өшіру
параметрлерін таңдаңыз.
Монитор қосылғанда, Монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай кірістің
(DisplayPort, DVI немесе VGA) ағымдағы уақытта қосылған сигнал немесе автоқосқыштың
бастапқы параметрі (Қосу немесе Өшіру; зауыттың əдепкі мəні қосылған), əдепкі сигнал
(зауыттың əдепкі мəні - DisplayPort), ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей
ажыратымдылығы жəне ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы екенін
көрсетеді.
Монитор автоматты түрде сигнал
кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады жəне
көрсету үшін сол кірісті пайдаланады. Егер екі кіріс қосылған болса, монитор əдепкі кіріс көзін
көрсетеді. Əдепкі бойынша орнатылған негіз қосылған кірістердің бірі болмаса, монитор ең
жоғарғы бағалаудың артықшылық кірісін келесі ретпен көрсетеді: DisplayPort, DVI жəне VGA
Экран мəзіріндегі кіріс көзін алдыңғы тақтадағы мəзір түймесін басып, Кіріс көзін
басқару >
Əдепкі кіріс көзі тармақтарын таңдау арқылы өзгертуге болады.
USB құрылғыларын жалғау
USB коннекторлары сандық камера, USB пернетақта немесе USB тінтуір сияқты құрылғыларды
қосу үішін пайдаланылады. Екі USB коннектор монитордың бүйірлік панелінде орналасқан.
ЕСКЕРІМ: Монитордағы USB 2.0 порттарын іске қосу үшін монитордан USB хаб кабелін
компьютерге жалғауыңыз керек.
Кабельдерді қосу 5-бетте ішіндегі 3-қадамды қараңыз.
Cурет 2-8 USB құрылғыларын жалғау
Монитордың тіреуіш негізін алып тастау
Монитор тақтасын тіреуіш негізінен алып, тақтаны қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа
орнату құрылғысына орнатуға болады.
10 Бап 2 Мониторды орнату










