HP Compaq LA1905wl, LA1905wg, LA2205wg, LA2205wl, LA22f, LA2405wg, and LA2405x LCD monitors User's Guide

ЕСКЕРТУ: Мониторды бөлшектемей тұрып, монитордың өшірілгендігіне, қуат жəне сигналдық
кабельдерінің екеуі де ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар мониторға жалғанған
барлық USB кабельдерін ажыратыңыз.
1. Сигналдық, қуат жəне USB кабельдерін монитордан ажыратып алып тастаңыз.
2. Монитордың бетін төмен қаратып таза, құрғақ матамен жабылған тегіс бетке қойыңыз.
3. Тіреуішті 45 градусқа бұрыңыз жəне монитордың артқы жағындағы бұранданы алып
тастаңыз, содан кейін тіреуішті сағат тіліне қарсы 45 градусқа бұрып монитордың
артындағы екінші бұранданы алып тастаңыз.
Cурет 2-9 Тіреуіш бұрандаларын алып тастау
4. Монитордың ұяшықтарынан тіреуіштегі құлақшаларды алу үшін мониторды бұрып (1)
артқа тартыңыз (2).
Cурет 2-10 Тіреуіш бұрандаларын алып тастау
Мониторды орнату
Монитор тақтасын қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына орнатуға
болады.
Монитордың тіреуіш негізін алып тастау 11