HP Compaq LA1905wl, LA1905wg, LA2205wg, LA2205wl, LA22f, LA2405wg, and LA2405x LCD monitors User's Guide

Кесте а-8 Зауытта алдын ала орнатылған режимдер (жалғасы)
1 640 x 480 31,469 59,940
2* 720 × 400* 31,469* 70,087*
3 800 x 600 37,879 60,317
4 1024 × 768 48,363 60,004
5 1280 x 1024 60,00 60,00
6 1280 x 1024 63,981 60,02
7 1440 x 900 55,935 59,887
8 1600 x 1200 45,00 60,00
9 1680 x 1050 65,29 60,00
10 1920 x 1080 67,5 60,00
11 1920 x 1200 74,038 59,95
12 1920 x 1200 74,556 60,00
*
LA2405x үлгісінде 2-алдын ала орнатудың қолдауы жоқ.
Пайдаланушы режимдеріне кіру
Мына жағдайларда бейне контроллерінің сигналы кездейсоқ алдын ала орнатылмаған режимді
шақыруы мүмкін:
Сіз стандартты графикалық адаптерді пайдаланып жатқан жоқсыз.
Сіз алдын ала орнатылған режимді пайдаланып жатқан жоқсыз.
Егер бұл орын алса, экрандағы дисплейді пайдалана отырып, монитор экранының
параметрлерін қайта реттеу керек болуы мүмкін. Өзгертулерді режимдердің кез келгеніне
немесе барлығына енгізуге жəне
жадта сақтауға болады. Монитор жаңа параметрді автоматты
түрде сақтайды, содан кейін жаңа режимді дəл зауытта алдын ала орнатылған режимге ұқсас
таниды. Зауытта орнатылған режидерге қоса, 15 (LA1905wg үлгі), 20 (LA2205wg жəне LA22f
үлгілері), немесе 25 (LA2405wg жəне LA2405x үлгілері) қолданушы режидерін енгізуге жəне
сақтауға болады.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі
Мониторлар қуатты үнемдейтін күйге қолдау көрсетеді. Монитор көлденеңінен синхрондау
сигналының жəне/немесе тігінен синхрондау сигналының жоқ екендігін анықтаса, қуатты
үнемдейтін күйге өтеді. Осы сигналдардың жоғын анықтаудан бұрын монитор экраны бос
болып, артқы жарық өшіріледі жəне қуат жарығы сары болады. Мониторлар қуатты үнемдейтін
күйде болғанда, ол 2 ваттан кем қуатты ғана пайдаланады. Монитор қалыпты жұмыс
істеу
режиміне келгенше, кішкене қызады.
Қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін (кейде қуатты басқару мүмкіндіктері деп аталады) орнату
туралы нұсқауларды компьютер нұсқаулығынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Жоғарыда айтылған қуатты үнемдеу мүмкіндігі қуатты үнемдеу мүмкіндіктері бар
компьютерлерге қосқанда ғана жұмыс істейді.
22 Қосымша а Техникалық сипаттамалар