HP Compaq LA1905wl, LA1905wg, LA2205wg, LA2205wl, LA22f, LA2405wg, and LA2405x LCD monitors User's Guide
2 Мониторды орнату
Мониторды орнату үшін монитордың, компьютер жүйесінің жəне басқа да қосылған
құрылғылардың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіп, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Монитордың тіреуіш негізін алып тастау
1. Мониторды қорабынан алып бетін тегіс бетке қаратып қойыңыз.
2. Монитордың тіреуішін бір қолыңызбен ұстап тұрыңыз да (1) тіреуіштің бас жағын екінші
қолыңызбен қысып ұстап, дисплейді 90 градусқа бұрыңыз (2).
ЕСКЕРТУ: СКД тақтасының бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе
сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі
қалпына келмейді.
Cурет 2-1 Монитордың тіреуіш негізін алып тастау
ЕСКЕРІМ: Монитор бірінші рет алынған кезде дисплейдің биіктігі реттелмейтіндей етіп
құлыпталады. Дисплейдің биіктігін реттеу үшін дисплейді басып құлыптан шығарып оны жоғары
көтеріп биіктігін реттеңіз.
Монитордың тіреуіш негізін алып тастау 3










